БалаларСпорт

Командалық есепте облыс каратешілері топ жарды

Күні кеше ғана Рудный қаласында мейбукан годзю-рю карате-додан өткен Қазақстан Кубогында бірнеше теріскейлік спортшы бақ сынады. Бәсекелестік өте жоғары болды. Жарыста өңір намысын “Musibi” клубының тәрбиеленушілері абыроймен қорғады.

МИРОН КОЛТУНОВ, жарыс қатысушысы:

– Менің каратемен айналасып жүргеніме 3 жыл болды. Бұл спортқа әкем әкелген болатын. Арманым – қара белдік иесі атанып, карате бойынша әлем чемпионы атану. Осы уақытқа дейін 25 медаль иелендім, оның 14-і – алтын. Бүгінгі сайыста мен біреуінен жеңіліп, екіншісін жеңдім. Осылайша, 2-ші орын алдым.

Максим Заика да құр алақан емес. 11 жастағы балғынның каратемен айналысып жүргеніне 6 жылдың жүзі болыпты.

МАКСИМ ЗАИКА, жарыс қатысушысы:

– Мен ката бойынша 3-ші орын, шобу кумите бойынша 2-ші, ал 1-ші орынды иригиму-дзю бойынша иелендім. Бұған дейін қалалық, облыстық және халықаралық турнирлерге қатысып, орындар иеленгенмін. Әрі қарай да сайыстардан қалмай, өз өнерімді көрсетуге дайынмын.

Жаттықтырушы Виктор Заика алдағы уақытта деңгейі бұдан да жоғары додаларда бой көрсетеміз дейді.

ВИКТОР ЗАИКА, жаттықтырушы:

– Аталмыш жарысқа еліміздің 8 облысынан 100-ге жуық спортшы келді. 7 жастан бастап 18 жасқа дейінгі каратешілер күш сынасты. Негізі, бұл спорт түрі облысымызда қарқынды дамып келе жатыр деп айта аламын. Қаладан бөлек, қазір кейбір аудандарда да арнайы клубтар бар.

Жалпы, сайыс қорытындысы бойынша ел қоржыны 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медальмен толықты.