МТРА жаңалықтары

Көктайғақтың салдары

Соңғы 3 күнде көпбейінді қалалық жедел жәрдем ауруханасының травматология пунктінде 200-ге жуық адамды қабылдаған. Оның 60-тан астамы көшеде тайып құлаған. Дәрігерлердің көмегіне көбінесе егде жастағы жандар жүгінген. Мамандардың айтуынша, көктайғаққа шағымданып жүгінгендердің саны күннен-күнге артуда.

Валерий Грибашов, көпбейінді қалалық жедел жәрдем ауруханасы травматология пунктінің меңгерушісі:

– Бізге келген адамдардың көбінің не иығы шыққан, не тобығы сынған. Көп жағдайда адам аялдамаға келе жатқан автобусқа мініп үлгеремін деп құлайды. Содан жарақат алады. Олардың басым бөлігі иықтарын шығарып алып, тобықтарын сындырып алған. Барлығына тиісті медициналық көмек көрсетілді.