Бүгін қаладағы балалар ойын-сауық орталығында ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Оған 5 пен 12 жас аралығындағы 30-дан астам бала қатысты. Жергілікті “Солнечный дом” қоғамдық қоры Даун синдромымен ауыратын 55 ұл-қыздың басын біріктіріп отыр. Бүгінгі шара Даун синдромы туралы дүниежүзілік ақпарат тарату айы аясында өткізілді.
АННА ФРОЛОВА, балалар ойын-сауық орталығының басқарушысы:
– Іс-шараның мақсаты – ерекше балаларды біріктіру, ата-аналарға балаларымен бірге демалуға болатынын көрсету. Балалар өзара араласып отырса бір-бірінің дамуына ықпал етеді. Ал осындай шаралар қоғамды ұйымшыл етіп, бәрімізді жанашыр болуға баулиды деп ойлаймын. Қайырымдылық акциясын алғаш рет өткіздік. Алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырып отырамыз.