Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшысын жағасынан алған жігіт сотталуы мүмкін

Оқиға Ақжар ауданында болды. Полиция бөліміне ауылдардың біріндегі мейрамханада төбелес болып жатыр деген хабар келіп түскен. Тәртіп сақшылары сол жерден мас күйдегі 23 жастағы жігітті алып кетеді. Оған қатысты материал жинау барысында ұсталған жігіт дөрекілік көрсетіп, жанжал шығарған. Ақыры соңында тәртіп сақшысының басынан бір перген. Оның қолына кісен салуға тура келіпті. Аталған факті ҚР ҚК 380-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясында бұзақыға 4 мың АЕК-ке дейінгі көлемде айыппұл салу немесе түрлі мерзімдегі түзеу және қоғамдық жұмысқа тарту, тіпті, бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ, ұсталған жігітке қатысты мейрамханада бұзақылық әрекеттерін жасағаны үшін де іс қозғалды.