Спорт

Роман Джантлеев Еуропа чемпионы атанды

Жерлесіміз жарады! Роман Джантлеев қазанның 20-23 аралығында Венгрияның астанасы – Будапеште өткен функционалды көпсайыстан Еуропа чемпионы атанды. Бүгін жеңімпазды әуежайдан қарсы алуға достары, туған-туыстары жиылды. Спортшы кроссфитпен 2014 жылдан бері айналысып келеді. Ол ересектер арасында 90 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүр.

РОМАН ДЖАНТЛЕЕВ, кроссфиттен Еуропа чемпионы:

– Еуропа чемпионатына бірінші рет қатыстым. Венгриялықтармен және француздармен бақ сынастым. Венгриялықтардың шеберлігі басым дер едім. Бірақ, соған қарамай, жеңіп шықтым. Туымызды биікке көтердім. Жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Келесі дода наурыз айында Стамбулда өтеді. Енді соған дайындалу қажет.

 

Гульден Симбаева