Аптадағы маңызды жаңалықтарМәдениет

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры 137-ші маусымын ашты

Н.Погодин атындағы облыстық драма театры жаңа, яғни 137-ші маусымының шымылдығын ашты.

Ресми сәттен кейін жиналған қауымға концерттік бағдарлама ұсынылды. Актерлер өз көрермендеріне театрландырылған караоке әзірлепті. Залдағы қауым өздерінің сүйікті қойылымдарынан музыкалық эпизодтар тамашалады. Кейін өнерсүйер қауымға өткен маусымда көрерменнің көзайымана айналған ескі қойылымдардың үзінділері ұсынылды.

ТИМУР КӘРІМЖАНОВ, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының қоюшы-режиссері:

– Алдағы жоспар ауқымды. Жақында Мәскеуден үш режиссер келіп, үш спектакль қояды. Биыл режиссерлік зертхананың тақырыбы – «Заманауи комедия». Осыдан кейін бізде көптен күткен премьера – А.Чеховтың «Шие бағы» қойылымы көрерменге тарту етіледі. Жаңа жылға қарай «Алтын кілт» ертегісін әзірлемекпіз.

Айта кетейік, облыстық орыс драма театрының ұжымы қараша айында Рязань қаласында өтетін халықаралық фестивальге барады. Онда өнерлі ұжы «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» спектаклін көрсетеді.