Құқық қорғау органдары

СҚО-да қызметтік иттердің көмегімен 100 келіден астам есірткі тәркіленді

Автожолдар, пошта бөлімшелері, вокзал мен үй маңы. Өңір тәртіп сақшылары иісшіл иттерді осы жерлерде жиі қолданады. Көбінесе ізделетін дүние – есірткі және бөтеннің мүлкін қолды қылған ұрлықшылар. Осы жылдың мамыр айында полиция капитаны Болат Бекмағамбетов үйреткен лабрадор Бэлла жеке баспана аумағында тінту жүргізген. Нәтижесінде құрылыс қоқыстары мен ескі темір пештің астынан 6 келіден асатын марихуана және 49 гр гашиш тапқан. Бүгінгі таңда облыста 50 қызметтік-іздестіру иті бар. 9 айдың ішінде ақылды жануарлардың көмегімен 281 қылмыс, оның ішінде 121 ұрлық ашылыпты. Ал тәркіленген есірткі затының көлемі 100 келіден асады.

 

Байболат Култанов