СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Жамбыл ауданында болды

Облыс әкімінің жұмыс сапары Кладбинка ауылынан басталды. Мұнда жаңа медициналық пункт ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Жоба құны 157,3 млн теңгені құрайды. Нысан биылғы жылы қолданысқа берілмек. Бұдан соң Ғауез Нұрмұхамбетов Пресновка ауылына бет алды. Елді мекенде 16 пәтерлі тұрғын-үй қалпына келтірілген. Алдағы уақытта бұл баспана әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілмек.

– В этом году в апреле месяце были выделены средства на выкуп квартир и мы выкупили здесь 16 квартир, и рядом вот здесь дом, который новый стоит, один дом 3-х квартирный. -Хорошо. -Тем самым закрываем вопрос социально-уязвимых слоев населения.

Аудан әкімі 2 жыл ішінде кезекте тұрған азаматтардың мәселесін шешуді жоспарлап отыр. Жалпы, аудан ойынша 224 адам үй кезегінде тұр. Олардың 92-сі жетім балалар болса, 15-і – көпбалалы аналар. Келесі жылы азаматар үшін 80 екі пәтерлі үй сатып алынбақ. Бұдан бөлек Пресновкада дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы да жүруде. Жұмыстың барысымен аймақ басшысы танысып қайтты. Мердігер ұйым – «ПетроBuilding» компаниясы. Серіктестік нысанды жыл соңына дейін тапсырамыз деп отыр.

МЕДЕТ ОСПАНОВ, Жамбыл ауданының әкімі:

– Жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарының жоспары бар. Керек материалдың барлығы осында. Бүгінгі күні әрлеу жұмыстары аяқталуда, ғимаратқа жылу берілді. Келесі аптадан бастап үлкен залда ойын еденін төсеу басталады.

Облыс әкімі Пресновка ауылындағы Өнер мектебін де аралады. 1960 жылы іргетасы қаланған оқу ошағында 153 бала білім алады. Мектеп би, вокал, домбыра, қолөнер, фортепиано секілді бағыттарды қамтиды. Елді мекенде тындырылып жатқан іспен танысқан соң аймақ басшысы Жамбыл ауылдық округіне жол тартты. Мұнда «Атамекен Агро» серіктестігінің асыл тұқымды ірі қара өсіретін репродукторы іске қосылған. Нысанда 1031 ірі қара мал басы бар. Сондай-ақ, Жамбылда 600 басқа арналған «Алисарай» серіктестігінің сүт тауарлы фермасының құрылысы да жүруде.

АРМАН ҚАСЫМҒОЖИН, «Алисарай» ЖШС директоры:

– Қаражат жетіңкіремей тұр. Құрылысты жалғастырамыз. 3 айдың ішінде салып тастаймыз деп жоспарлаған болатынбыз. Енді нысанды ақпан айында тапсырамыз деген ойдамыз. Жұмысты қыс кезінде де жалғастырамыз.

Аймақ басшысы Жамбыл ауданына қарасты Қайранкөл елді мекенінде де болды. Мұнда 2 жыл бұрын мәдени-демалыс орталығы ашылған. Жоба құны – 123,9 млн теңге. Нысанда жаттығу залы, балалар ойын бөлмесі, бильярд залы, ауылдық кітапхана мен демалыс бөлмесі орналасқан. Аталмыш ғимаратта облыс әкімі аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Әлеуметтік сала нысандарын қарап шықтық. Кәсіпорын басшыларымен кездестік. Қазір сіздермен кездесіп жатырмыз. Сондықтан, егер де сіздерде сұрақтар туындаса, мен жауап беруге тырысамын. Менімен бірге жол мәселелеріне, денсаулық сақтау, білім беру, индустрияландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлар және басқа салалардың басшылары келді. Сондықтан, егер сұрақтар туындаса, олар да осы сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Ауылдағы ағайын алаңдатып жүрген сұрақтарын аймақ басшысына жеткізді. Ең өткір мәселенің бірі – сапасыз жолдар.

– Сондай жанымызды қинайтын сұрақ – жол мәселесі. Біздің жолға ремонт жасалмағалы 10 жылдан асып кетті. Өзіңіз көрген шығарсыз, ана жерде көлік түгілі жаяу жүруге де болмайды.

Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының сөзіне қарағанда мәселе келер жылы шешімін таппақ.

МАҚСАТ БАЯХМЕТ, СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

– Қазіргі күні жоба жасалып жатыр күрделі жөндеуге. Бұл 3 учаске болады 20 км-ден. Келесі жылға жұмысты бастауға болады.

Қайранкөлдегі тұрғындармен кездесуден соң аймақ басшысы Благовещенка ауылына бет алды. Ауылда «Династия Агро» серіктестігінің өсімдік майын өндіретін цех жұмыс істейді. Кәсіпорын рапс, күнбағыс, зығыр майымен қатар техникалық майды шығарумен де айналысады. Биылығы жылы зауытта 360 тонн зығыр майы мен 500 тонн күнжара өндірілген. Серіктестік тауарларын Ресей, Жапония, Моңғолия, Польша және Италия елдеріне саудалайды.

– Исторический момент был. Мы впервые в истории сущестовавания Казахстана и Японии, впервые отправили туда льняное масло. -Я вот тоже спросил, говорят качество очень хорошее. -Качество им понравилось, они приезжали с визитом у нас здесь были.

Кәсіпорын жұмысымен танысқан соң облыс әкімі ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшыларымен кездесіп әңгіме жүргізді.