М.Жұмабаев ауданының Бәйтерек ауылына апарар тас жол бір айда жөнделді. 800 метрлік жолды ретке келтіруге қазынадан 45 млн теңге бөлінді. Оның сапасына өңір жетекшісі өз бағасын берді.
ҚАЙРАТ ОМАРОВ, М.Жұмабаев ауданының әкімі:
– Аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 1 млрд 6 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда 32 км жолда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша 7 елді мекеннің жолы ретке келтірілмек.
Облыс әкімі «Altyn Urpaq» Булаев балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығына барды. Бұл жерде 152 бала білім алады. Орталықта өлкетану, бизнес және кәсіпкерлік, туризм, робототехника, музыкалық бағыттар бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Бұдан соң Ғауез Торсанұлы «Агро МТС Қызылжар» ЖШС-нің тауарлы-сүт фермасына барды. Нысан 2022-ші жылы іске қосылды. Жоба құны – 3,2 млрд теңге. Қазіргі таңда кешенде ірі қара малдың 1100 басы бар.
– Используем качественные корма собственного производства. Нами было засеяно 630 га силоса. Для этого мы используем современное оборудование. К слову, недавно обновили парк техники.
Ғауез Нұрмұхамбетов Жастар ауылында болып, су тарату желілерін қалпына келтіру барысымен танысты. Нысан елді мекенді таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоба құңы – 360 млн теңге.
– Жақында жұмыстар аяқталады. Кейін айналаны көгалдандырып, абаттандыру жұмыстарын жүргіземіз. Бірнеше көшет егіп, жарықтандыру мәселесін де шешеміз.
Кейін өңір жетекшісі Сарытомар ауылындағы М.Жұмабаев мұражайына барды. Ғауез Торсанұлы ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, музейдегі жәдігерлермен танысты. Бұдан бөлек өңір жетекшісі «СК АГРО-2050» ЖШС-де агроқұырылым өкілдерімен кездесті. Облыс әкімі орақ науқанының нәтижелерімен бөлісіп, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, фермерлердің мәселелерін тыңдады. Сонымен қатар, облыс әкімі жергілікті мәдениет үйін күрделі жөндеу барысымен танысты. Жоба құңы – 227,6 млн теңге. Өңір жетекшісі аудан халқымен де кездесті. Жергілікті белсенділер баскетбол жаттығуларын өткізсек пе дейді. Алайда, ол үшін қажет заттар жоқ екен.
– Қуанышымызға орай спорт залымыз бар. Дегенмен, доп жоқ. Саламатты өмір салтын ұстану үшін бар жағдай жасалуда.
Мұнымен қоса тұрғындар мәдениет үйіне жақсы басшыны тағайындауды сұрауда. Өңір жетекшісі осы және басқа да мәселелерді қысқа уақытта шешуге тапсырма берді.