Қоғам

Зейнеткерлер арасында спартакиада өтті

Бүгін Бескөл ауылында Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен зейнеткерлер арасында спартакиада өтті.
Қарттарды қолдау айлығы аясында және Республика күніне орай ұйымдастырылған шараға 100-ге жуық қарт қатысып жатыр. Сайыс 4 спорт түрінен тұрады: үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және дойбы.

БАҚЫТ БАУКЕНОВ, Қызылжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Менің ойымша, осындай шараларды жастар көріп, басқа ардагерлер де спортқа қатысады деп ойлаймын. Уақыттарын диванда жай отырып өткізбей, денсаулықтарын шынықтырса деймін. Қатысып жатқандардың барлығы риза, қуанышты. Мұндай спартакиада облыс көлемінде ұйымдастырылса екен дейміз. Бұл жарыс бұрындары да өткен. Бұл жолы қатысушылардың саны едәуір көбірек.

МАЙРА ӘБІЛМӘЖІНОВА, жарысқа қатысушы:

– Ата-бабамыздан келе жатқан тоғызқұмалақты қалдырмаймыз. Осы жарысқа 3 жылдан бері қатысып келемін. Осында барлық таныстарымды кездестіріп жатырмын. Барлығына сәттілік тілеймін, жеңіске жетейік.
Басталғалы 2-ші адаммен ойнап жатырмын. Мықты ойнайды екен, 1 жарым сағат отырдық, есеп тең болды. Енді міне жарты сағаттан бері екінші адаммен ойнап отырмын.