Қызылжар ауданындағы Рассвет ауылында әкімдіктен бастап Петропавл-Жезқазған трассасына дейін жөндеу жұмысы жүріп жатыр. 20 жыл бойы жөндеу көрмеген аралыққа асфальт төсеу үшін аудандық бюджеттен 83 млн теңге бөлінген. 1 км 200 метр жерді жаңалаумен “Елорда жол” серіктестігі айналысып жатыр.
ПАРУЙР РУБЕНЯН, учаске бригадирі:
– Біз әуелі жолдың ескі асфальтін алып тастаадық. Сосын қиыршық тас төсеп, оны тегістедік. 2 күннен бері асфальт төсеп жатырмыз. Әзірге, ауа райы қолайлы, ешқандай кідіріс жоқ. Керек-жарақтың барлығы уақытылы әкелініп қойылған. Жұмысты 1 аптадан кейін аяқтаймыз.
Округ әкімі Абай Шайменов келесі жылы ауыл ішіндегі көшелер жөнделеді дейді.
Мұнда қазір 600-ден астам адам тұрып жатыр. Ауыл тұрғындары кіреберіс жолдың жөнделіп жатқаны көпткен күткен өзгеріс дейді.
АЙНАГҮЛ ТӨЛЕБАЕВА, Рассвет ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:
– Бізге осы уақытқа дейін жол салынады деп айтылып келген болатын. Соның сәті биыл түсіп жатыр. Өте қуаныштымыз. Әйтпесе, жүру өте қиын болатын. Жаңбыр жауып, қар түссе езіліп, жүріп тұру қиындайтын еді. Әсіресе, балалардың сабаққа қатынауы мәселе болатын. Бұған дейін ауылға кіреберістегі жолдан өту жүргізушілер үшін мұң болатын.
Халықтың игілігі үшін жүзеге асырылып жатқан іс қазан айының басында бастау алған.
АБАЙ ШАЙМЕНОВ, Рассвет ауылдық округінің әкімі, Қызылжар ауданы:
– Жоба бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін 24 жол белгісі қойылады. 5 техника осында істеп жатыр, қалған 3-еуіне асфальт төсеп жатыр. Жұмыс тез жүріп жатыр. Мұнда 8 адам жұмыс атқарып жатыр, 3 техника мен 3 адам асфальт әкеліп отырады. Асфальт Петропавл қаласынан алынады.
Жалпы, жыл басынан бері Қызылжар ауданы бойынша 616 млн теңгеге 9 км жол асфальтталған.