Қоғам

Орман шаруашылығы қызметкерлері құрметке бөленді

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

– Қазанның үшінші жексенбісі – Орман шаруашылығы қызметкерлері күні! Биыл бұл кәсіби мереке айдың 15-ші жұлдызына түсті. “Ештен кеш жақсы” дегендей, солтүстікқазақстандық сала өкілдері мейрамды бүгін атап өтіп отыр. Салтанатты сала басталмас бұрын жауапты саланың өкілдеріне біршама техника таратылды. Менің артымды тұрған көліктер мамандарға ауадай қажет деп айта аламыз. Олармен су тасуға, адам тасуға және қиын жерлерге жетуге болады. Бұдан кейін жиналған қауым Спорт сарайының ішіне енді. Мұнда салтанатты шара бастау алды. Көпшілікті облыс әкімі атынан облыс әкімі аппаратының басшысы құттықтады. Кейін марапат табысталды.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

– Бүгінгі мерекеде 10-нан астам жан марапат алды. Облыс әкімінің Құрмет грамотасын иеленгендердің бірі – Керейбай Бағаналымов. Азамат Қызылжар орман шаруашылығының орманшы-инспектор болып 8 жылдан бері еңбек етеді.

КЕРЕЙБАЙ БАҒАНАЛЫМОВ, Қызылжар орман шаруашылығының орманшы-инспекторы, Қызылжар ауданы:

– Орманды күзетеміз, заң бұзушылардан қорғаймыз, ағаш егеміз. Жұмысымды жақсы көремін. Өзім ауылдың баласымын. Ағаштың арасында өстік.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

– Бүгінгі мерекелік шара шағын концертпен аяқталды. Бұл жергілікті өнерпаздардың тартуы деп білеміз.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

– СҚО-ны аққайыңдар өлкесі деп бекерден-бекер айтпайды. Елдегі жасыл желектің біраз бөлігі біздің облыста орналасқан. Оның қорғау және молайту – орманшылардың міндеті. Мамандарды мерекемен құттықтаймыз!

 

Байболат Култанов