Экология

Мектеп жанынан аллея ашылды

Кеше С.Мұқанов атындағы №32 орта мектебінің ауласында игі акция өтті. М.Жұмабаевтың 130 жылдығына арналып мекеме маңынан аллея ашылды. Қолдарына күрек ұстаған қыз-жігіттер 15 терек ағашын отырғызды. Бастамаға Ресей темір жолының мерейтойы да сеп болды. Биыл ААҚ-ның құрылғанына – 20 жыл. Жалпы, шараға жоғарыда аталған оқу ұясының оқушылары, гуманитарлық-техникалық колледж студенттері мен Оңтүстік-Орал темір жолының қызметкерлері қатысты.

НАТАЛЬЯ БУКАТОВА, С.Мұқанов атындағы №32 орта мектебінің директоры:

– Жастар бұл шараға қуана қатысты. Ағаш отырғызу – игі іс. Акция арқылы балаларды табиғатты аялап, қоршаған ортаға өз пайдамызды тигізуге сөзбен емес, іспен үйретіп жатырмыз. Көктемде жер ағаштарымызды қабылдап, терек тамырын тереңге жаяды деп ойлаймыз.

 

Алдияр Айтпаев