Құқық қорғау органдары

Прокурорлар жайылымдық жерлерді қайтарып берді

Бармақ басты, көз қыстылық әрекет! Өңірде жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары ауылдарға жақын орналасқан жалпы ауданы 54 мың гектарды құрайтын 348 жайылымдық жерді заңсыз берген. Қазіргі таңда сотқа талап қою арқылы бұзушылықты жою жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға дейін 38 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылыпты. Осы және өзге де іс-шаралардың арқасында облыста ауыл халқы үшін жайылымдық жерлердегі тапшылық 538 мыңнан 386 мың гектарға дейін қысқарған.

 

Байболат Култанов