СҚО әкімдігі

Облыс әкімі бірқатар нысанды аралады

Ғауез Нұрмұхамбетов ең алдымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысымен танысты. Оның қызметі қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтауға және нығайтуға бағытталған. Өңір басшысына экскурсия жүргізіліп, этномәдени орталықтарда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Аймақ басшысы Достық үйінің мүшелерімен жеке кездесу де өткізді. Әңгіме барысында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Ғауез Торсанұлы оларға бұл салада қосқан үлесі үшін алғыс айтып, атқарып жатқан жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Құрметті кездесуге қатысушылар, жағдайларыңыз барлығы жақсы деп ойлаймын. Мен өте қуаныштымын, сіздермен кездесіп отырғаныма. Басшыларға үлкен рақметімді, үлкен құрметімді айтқым келеді. Үлкен жұмыстарды істеп жатырсыңдар. Өзіміз де айтып жатырмыз ғой, осы елімізде, аймақта осылай келісім бойынша, бірлік бойынша осылай нығайтып, жұмыстарды істеп, мәдениет пен бүкіл дәстүрлерімізді сақтап отырсыңдар.

Кейін өңір басшысы Береке шағын ауданына барып, құрылыс жұмысымен танысты. Бұл жерде маңызды әлеуметтік нысандар салынуда. Ғауез Нұрмұхамбетов 50 адамға арналған жатын корпусы бар 300 орынға шақталған түзету мектеп-интернатын салу барысын тексерді. Білім беру мекемесі келесі жылы ашылады деп жоспарланып отыр.

ҚАЙРОЛЛА ҒАЛЕЕВ, СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

– Құрылысты “Зерттеу” компаниясы жүргізіп жатыр. Абаттандыру және инженерлік желілер әлі жобалау сатысында. Бұл жұмыстарды орындау үшін шымкенттен келген фирма жеңді. Бізде қаңтар айына дейін жобалық схемалық құжаттаманы әзірлеу туралы шарт бар.

Бұл нысанның жанында тағы бір мектеп пайда болмақ. Құрылысы басталып кеткен ғимараттың жұмысымен аймақ басшысы да танысты. Кейін Ғауез Торсанұлы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша жұмыстарды тексеруге аттанды. Ол Береке шағын ауданының тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Мұнда бізде күрес залы, бокс залы, халыққа арналған жаттығу залы және UFP бойынша оқу-жаттығу сабақтары болады. Сонымен қатар, жертөледе велобазаны орналастыруды жоспарлап отырмыз. Яғни, 10-нан астам спорт түрін дамытуға мүмкіндік береді.

Әрі қарай әкім май экстракциялық зауытына барды. Құрылыс жұмыстары аяқталып, келесі жылы іске қосу жоспарлануда. Іс жүзінде өндіріс қалдықсыз болады. Мұнда соя, рапс, зығыр және күнбағыс өңдеу жоспарланып отыр. ЖШС-ның бас директоры өңірдің егіс алқабын ескере отырып, зауыттың жүктемесімен мәселе болмайды деп сендірді.

ПАВЕЛ СЕЛИВАНОВ, “Масло-Дел” ЖШС бас директоры:

– Біз жылына 360 мың май тұқымын өңдейміз. 2-3 жыл ішінде жобалық қуатқа шығамыз. Жарақтандыру бойынша зауытта бірегей озық технологиялар деп айтуға болады. Бұл “Buhler”, “Thyssenkrupp” әлемдік брендтері».

Сондай-ақ, зауыт жоғары жем қоспаларын, яғни күнжараны өндіреді. Кәсіпорына 200-ден астам жаңа жұмыс орны қолжетімді болмақ. Ғауез Торсанұлы сүт өнімдерін шығару бойынша “Масло-Дел” ЖШС зауытының жұмысымен танысты.

– Мы производим 150 тонн молока натурального. – Вот такое сколько может храниться? – 6 месяцев. – Вот так вот в цитропаке. – Да. – У многих есть заблуждение, что если 6 месяцев, то у нас есть какие-то добавки, нет, это за счет высокой пастеризации.

Облыс әкімі аралаған келесі нысан Ұлттық ұлан академиясы болды. Жақында бірден бірнеше жаңа ғимарат пайда болады. Мәселен, 12 мың шаршы метрлік жертөледе тирі бар 660 орындық казарма, мұражай, кітапхана, 3,5 мың шаршы метрлік 800 орындық клуб орналасқан оқу ғимараты да қарастырылған. Бұдан бөлек спорт нысаны салынады.

ТАХИР ИСЛАМОВ, ҚР ҰҰ академиясы бастығының орынбасары:

– Мұнда бокс, секциялар, футболға арналған түрлі спорт алаңдары ұсынылады. Жеке құрамға арналған шағын бассейндер де болады. Жобаның жалпы құны бүгінгі күні 10,8 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда құрылыс материалдарының қымбаттауын ескере отырып, жоба қайта қарастырылып жатыр. Соған байланысты қаражат 4,8 млрд теңгеге ұлғайды.

Жұмыстарды 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Әрі қарай әкім Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында болды. Бұл жерде мамандар мал шаруашылығы, өсімдік және құс шаруашылығында инновациялық әзірлемелерді зерттеумен және құрумен айналысады. Жетістіктер аймақ басшысына таныстырылды.