Қоғам

Қаламы қарымды тілшілер марапатталды

Қаламы қарымды тілшілер құрметке бөленді! Петропавлда “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы БАҚ өкілдері арасында өткізген байқаудың қорытындысын жариялады. Марапаттау айтулы мереке – Республика күніне орай Оқушылар сарайында өтті. Конкурсқа жол саласындағы жұмыстар, оң өзгерістер мен кемшіліктер қаузалған ондаған материал жолданған. Қазылар алқасының шешімімен жүлдегерлердің арасына арнамыздың редакторы Байболат Бектемірұлы да енді. Оның сюжеті “Үздік телевизиялық материал” аталымында екінші орын еншіледі. Өңірлік деңгейде оза шапқан мамандардың жұмысы республикалық байқауға жолданбақ.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, МТРА редакторы:

– Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” СҚОФ – өте белсенді орталық. Басшылық та белсенді. Мұндай жұмыс жалғасатын болса жолымыздың сапасы одан әрі жақсарады. Жауапкершілігі төмен мердігерлердің саны азаяды.

 

Байболат Култанов