Қазақстан жаңалықтары

Мәжіліс депутаттары ДДҰ-ның Астанадағы Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясын өткізу үшін Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы келісімді ратификациялауды мақұлдады

“Қаралып отырған заң жобасы Қазақстанда алғаш рет денсаулық сақтау саласындағы жоғары деңгейдегі саяси және дипломатиялық іс-шараны өткізуге мүмкіндік береді. ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық комитеті жылына бір рет өткізіледі, оған денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жаһандық мәселелері талқыланатын Еуропалық аймақтың 53 елі қатысады, Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өңірлік жоспарлары, қарарлар, шешімдер қабылдануда”, – деді Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният заң жобасын таныстыра отырып.

Денсаулық сақтау саласындағы бұл маңызды оқиға Қазақстанға жаһандық денсаулық сақтау орталығы болуға мүмкіндік береді. Осы сессия аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) бойынша Жаһандық конференция өтеді. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бұл іс-шараларға 81 елдің делегаттары қатысады.