Қоғам

Құтқарушылар балықшыларды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

Күз әуесқой балықшылар үшін аса қолайлы мезгіл. Осы кезде облыс көлемінде орналасқан өзен-көлдерде балық аулаушылар мен аңшылардың саны көбейеді. Табиғат аясында, ашық аспан астында қармақ салу жанға тыныштық сыйлағанымен, кейбір қарапайым ережелерді қалт жіберсеңіз қайғылы жайтқа тап болуыңыз әбден мүмкін.

ӘЛІБЕК БОРАНБАЕВ, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері:

– Балық аулауға шыққан кезде жақындарыңызға қайда баратыныңызды және қай уақытта оралатыныңызды айтып кеткен жөн. Сонымен қатар, қайықты міндетті түрде тексеріп шығу керек. Бортқа отырмау керек. Ішікдік ішпей, өзіңмен бірге құтқару жейдесін алып шығу керек. Осы қарапайым ережелерді өз қауіпсіздіктеріңіз үшін сақтаңыздар.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын пысықтады. Өңірге ерте келетін қыс мезгілінде ұстанатын ережелерге де баса мән берген жөн. Бірінші мұз қатқан бойда балық аулауға шығуға болмайды.
Мамандар қауіпсіздік ережесі жайында айтуын айтып жатыр, бірақ соны естір құлақ болса…

Жалпы, құтқарушылардың айтуынша мұндай рейдтік іс-шаралар өз жемісін беруде. Жыл басынан бері 30-ға жуық шара өткізіп, 3 жарым мыңнан астам жаднама таратылыпты.