Бас бостандығы шектелген тұлға енді жазаның қалған бөлігін темір торда өтейді! Жақында Айыртау ауданының соты осындай үкім шығарды. Жергілікті прокурорлар пробация қызметінде есепте тұрғандармен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде. Қадағалаушы орган өкілдерінің назарына 4 жылға бас бостандығы шектелген тұрғын легіпті. Ол бірнеше рет жазаның өтелу тәртібін бұзған. Осы үшін тәртіпсіз теріскейлік 3 жыл 9 ай 12 күнге қамалды. Сот отырысына бұрын заңның ала жібін аттаған 15 сотталушы да қатысыпты. Мақсат – абақтыға аттанған адамның іс-әрекетінен сабақ алу.
Байболат Култанов