Құқық қорғау органдары

Жатақханадағы рейд

Жастар арасындағы нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу. Полиция қызметкерлері университет жатақханаларында профилактикалық рейд өткізді.
Тәртіп сақшылары «Jastar Ryhy» жастар қанатының өкілдерімен бірлесіп, жастар көп шоғырланған жерлердің бірі ретінде студенттер үйін таңдап алды. Шара барысында
білім қуған ұл-қыздарға жаднамалар таратылып, зиянды затты пайдаланған жағдайда қарастырылған қылмыстық жауапкершілік жайында айтылды.

БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «Jastar Ryhy» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Қазіргі таңда жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуы, оны қолдану көптен-көп кездесіп жатыр. Осының алдын алу, тоқтату мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргіздік. Университетіміздің үш жатақханасында жастармен кездестік. Профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.

Есірткі сатушылардың қулығы көп. Олар аңғал жастарды табысқа кенелесің деп теріс жолға үгіттейді. Полиция қызметкерлері желідегі осындай мазмұндағы хабарландыруларды анықтап, бұғаттауға жібереді.

ЕРСҰЛТАН ТҰРЛЫБАЙ, студент:

– Бүгін бізге полиция қызметкерлері келіп, нашақорлықпен күресу, есірткі мен темекіге жоламау жайлы мол мағлұмат айтты. Осы мағлұматтар арқылы біз бәрін ұғындық. Жастардың барлығын есірткіге жоламауға шақырамын. Тек спортпен айналысып, жақсы жолмен жүруді насихаттаймыз.

Жыл басынан бері өңірде есірткіге қатысты 200-ден астам түрлі құқықбұзушылық анықталған. Оның 80-нен астамы есірткі өткізуге қатысты.