Білім

№43 орта мектебінің оқу озаттарына стипендия берілуде

Мектеп оқушыларының оқуға деген құлшынысы артты. Оған себеп – шәкіртақы. Қазір қаладағы Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектебінде 927 ұл-қыз білім алады. Оның 102-сі оқу озаты. Зейінді жастардың еңбектері қазір стипендиямен бағаланып отыр. Оларға 3 пен 20 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі. Игі науқан мекемеде 2017 жылы басталған. Бастаманы осы мектептің түлегі болған меценат қаржыландырып отыр. Оқу ұясы басшылығының айтуынша балалар сабаққа ден қойып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Мәселен, өткен жылы, 49 оқушы – халықаралық, ал 56-сы республикалық олимпиадалар мен байқауларда жүлдегер атанған.

 

Алдияр Айтпаев