Петропавлда жазасыз өтеп жатқан әйелдер тағы бір кәсіп түрін меңгерді. Енді заңның ала жібін аттап, темір торға тоғытылған 5 нәзікжанды кондитерлік өнімдер пісіре алады. Ол үшін №50 мекеме қабырғасында шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Арнайы шараны он саусағынан бал тамған аспазшы, жергілікті кәсіпкер Динара Тамышева өткізді.
ӘСЕЛ САМРАТОВА, СҚО Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:
– Бүгінгі оқытушымен бұрыннан таныспыз. Ол “Мен кәсіпкер” жобасы аясында білген-түйгенімен бөліскен болатын. Бұл жолы да өтінішті жерде қалдырмай, мекемеге келіп отыр.
Шеберлік сабағына қатысқан 5 әйел жақында бостандыққа шықпақ. Ұйымдастырушылар сол себепті дәл осы сотталғандарды таңдап алыпты. Шара соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.
Бұл құжаттың берері мол. Болашақта сертификат арқылы жұмысқа тұруға немесе жеке бизнес бастауға болады.
МАРИЯ ШМЕЛЬКОВА, жазасын өтеуші:
– Біздің мекемеде әртүрлі бағытта білім алуға мүмкіндік бар. Үйде өзімнің отбасым үшін түрлі тағамдар дайындадым. Болашақта кондитерлік дүкен ашқым келеді.
Темір тордың ар жағындағы оқыту жалғасын табады. Келесі жолы жергілікті Кәсіпкерлер палатасының өкілдері жазасын өтеп жатқан жандарға кәсіпкерлік негіздерін үйретпек.
Байболат Култанов