ТЖ

Төтенше жағдайлар қызметкерлері Есіл ауданында рейд жүргізді

Өрттің жиі пайда болу себептері – электр сымдарының қысқа тұйықталуы және пештегі ақау. Соңғы кезде Есіл ауданында қайғылы оқиғалардың саны ұлғайған. Осыған байланысты мамандар рейд ұйымдастырып, халыққа ережелерді түсіндірді.

КЕНЖЕБЕК ҚОЖАХМЕТОВ, Есіл ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы:

– Есіл ауданында жыл басынан бері 21 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды. Сонымен қатар, ауданда көмірқышқыл газымен улану фактісі тіркеліп, 3 тұрғын зардап шекті. Оның 1-еуі – бала.

Қызметкерлер сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де жұмыс істеді. Олар көпбалалы Малышевтар отбасының үйіне түтін дабылқаққышын орнатып берді. Заманауи құрылғы – адам өмірінің сақшысы.

ОЛЬГА МАЛЫШЕВА, Есіл ауданының тұрғыны:

– Құтқарушылар еңбек ардагері Нина Пашковаға да келді. Нәзікжанды жасына байланысты мұржадағы қалдықты өз бетінше тазалай алмайды. Мамандар мәселені тез арада шешіп берді.

НИНА ПЕШКОВА, Есіл ауданының тұрғыны:

– Жылыту маусымы басталғаны белгілі. Құтқарушылардың айтуынша, өрт көбіне дәл осы уақытта болады. Сондықтан, мамандар тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады.