Қоғам

Президент «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлын қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Кездесу барысында мемлекеттік тілді нығайту ісіндегі өзекті мәселелер талқыланды, ұсыныс тасталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, білім беру ісіндегі, технологиядағы және медиа саласындағы қазақша контент пен цифрлық өнімдерді әзірлеуге айрықша мән беру қажет. Жастар арасында тіл тазалығын сақтау үшін оқу және жазу сауаттылығын арттыруға арналған шаралар да маңызға ие. Өз кезегінде Рауан Кенжеханұлы қордың бастамасымен жүзеге асырылған жобалар мен алдағы жоспары жайында мәлімет берді.

РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ, «Қазақ тілі» қоғамының президенті:

– Біз алдағы уақытта оқушыларға, тіл меңгерем деушілерге әдістемені көбейтуге күш саламыз. Оқу және жазу сауаттылығы бойынша да шаралар жүргізіледі. Халықаралық платформаларды қазақшалау – міндет. Бұл жөнінде ұсыныс білдірдік. Президент қолдау танытты.

 

 

Байболат Култанов