Қоғам

Тәртіп сақшылары самокатшыларды тексеріп жатыр

– Месяц, как уже, в силу вступили ПДД новые, именно – по электросамокатам. – Серьезно? На электросамокаты? – Да, да, да! 

Міндетті түрде шлем кию, жаяу жүргіншілер өткелімен жүрмеу, жолға шыққанда
жүргізуші куәлігімен жүру. Полицейлер самокат пен скутер тізгіндегендердің арасында ауқымды алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Ағымдағы жылғы тамыздың 30-нан бастап 154 электрлі самокат жүргізушісі, 40 мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желіде де белсенді алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Биыл жол қозғалысын қадағалау барысында жол ережесін бұзудың 54 мыңнан астам фактісі тіркелген. Оның 23 мыңы – апат тудыратын жағдайлар.
Жолдағы апаттарға тоқталатын болсақ, жыл басынан бері облыста 268 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 34 адам қаза тапты. 400-ге жуық адам дене жарақатын алды.