Бүгін Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде тарихи сәт. Жергілікті білім ордасы қытайлық Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы құзыреттерін зерттеу орталығын аштты.
ГҮЛЗАТ ҚОСШЫҒҰЛОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ агротехнологиялық факультеті деканының орынбасары:
– Қытайлық делегация зертхана құралдарының бір бөлігін алып келді. Ал қалғаны әлі жолда келеді. Бұл зертхананың негізгі мақсаты – өңіріміздегі мал шаруашылығының, әсіресе, сүтті мал шаруашылығының деңгейін көтеру, оның ішінде асыл тұқымды малдардың өнімділігін арттыру.
Жергілікті білім ордасы қытайлық тараппен жақын арада ғана өсімдік шаруашылығы саласында әріптестік орнатқан болатын. Қазір келісім аясында Қозыбаев университеті базасында бидай сортын сынау бойынша жобалар жүргізілуде.
ГҮЛЗАТ ҚОСШЫҒҰЛОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ агротехнологиялық факультеті деканының орынбасары:
– Сонымен қатар, біздің университет 5 жылдан бері осы Қытай университетімен академиялық ұтқырлық бойынша байланыста. Екі жақтың студенттері де тәжірибе алмасып келеді. Қазір қытайлық 13 студент мал шаруашылығы бойынша бізде оқып жатыр.
Өңірден де жастар аттанды. Бүгінгі таңда жергілікті университеттің 11 студенті аспан асты елінде ауыл шаруашылығы бағытында біліп алып жатыр. Оқу бір семестрді құрайды.