Спорт

Явленка орта мектебінің спорт алаңы жаңартылуда

Бұл – Явленка ауылындағы Аяған Шәжімбаев атындағы қазақ мектебі. Қазіргі таңда бұл білім ұясының алдындағы алаңға алғаш рет күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Қыркүйек айының басында бастау алған игі іске аудандық бюджеттен 42 млн теңге қаражат бөлінген екен.

АЙДАР СҰРАҒАНОВ, А.Шәжімбаев атындағы Явленка орта мектебінің директоры, Есіл ауданы:

– Балалардың денсаулығы ең басты болып есептеледі. Жөндеу жұмысы бойынша бұл жерде баскетбол, волейбол, ортасында футбол алаңы болу керек деп жоспарланған.

Жасалып жатқан құрылыс нысанының мердігері – алматылық “Qazaq Contraction LTD” серіктестігі.

АЙДАР СҰРАҒАНОВ, А.Шәжімбаев атындағы Явленка орта ментебінің директоры, Есіл ауданы:

– Қазір бұл жерде 6 адам жұмыс істеп жатыр. Қазір футбол алаңының астыңғы негізін жасап жатыр. Ал баскетбол мен волейбол алаңдарының негізі дайын. Енді оның үстіне резеңке төсеп, орнатады. Сонымен қоса, алаңның шетінде арнайы жүгіретін жер болады.

Жалпы, аумағы 2 200 шаршы метрді құрайтын нысанға
6 адам мен 1 техника жұмылдырылған. Мердігер серіктестіктің өкілі Жайнақ Найжан керек-жарақтың барлығын Явленканың өзінен аламыз дейді.

ЖАЙНАҚ НАЙЖАН, мердігер серіктестіктің өкілі:

– Жұмыс барысы осы. Техника жеткілікті. Керекті заттардың барлығы осы жерден алынып жатыр. Жұмыс көлемінің жартысы аяқталды. Жұмыс жақсы жүріп жатыр.

1 айға шақталған жұмыстың 70%-ы дайын. Жөндеу жұмысы толығымен қазан айының ортасында аяқталады.