Меморандум бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты көздейді. Оның ішінде ҚР ПІБ Медициналық орталығы жанынан диагностикалық бейнелеуге арналған заманауи терапевтік жүйелер мен жабдықтар өндірісіндегі әлемдік көшбасшы-Siemens Healthineers референс – орталығын құру. Сондай-ақ, тараптар пациенттерді емдеу нәтижелерін жақсарту, ҚР ПІБ жүйесінде қолданылып жүрген “Siemens” компаниясының медициналық техникасын жаңғырту үшін жаңа өнімдер мен клиникалық әдістемелерді бірлесіп әзірлеуді бастау туралы уағдаласты.
Меморандум медициналық орталықтың клиникалары үшін диагностиканың озық инновациялық әдістеріне қол жеткізудің қосымша мүмкіндіктерін ашады.