СҚО әкімі құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралау барысында ең алдымен “Alageum Electric” зауытының қызметкерлері үшін салынып жатқан 100 пәтерлі тұрғын үйге барды. Бүгінгі күні баспанада коммуникацияны тарту мен абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Аймақ басшысы жұмысты қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.
– Я же тогда поручение дал, быстрее надо делать. Благоустройство когда закончите?
– Благоустройством занимаемся мы, как электроснабжение завершат работы, после этого мы асфальтирование сделаем, детские площадки скорее всего уже в следующем году. Но полностью брусчатка, асфальт все это мы постелем.
– Асфальт в течение двух недель? – Да. – За 10 дней все закончите? Город возьмите на контроль, за 10 дней закончите и меня проинформируйте.
Ғауез Нұрмұхамбетов Парковый 21, Горький 6 және 8 мекенжайындағы проблемалы көппәтерлі үйдің жұмысын тексерді. Кейін аймақ басшысы жұмысы тоқтап қалған Театральный және Потанин көшелеріндегі жол учаскесіне барды. Қала тұрғындары жол мәселесіне алаңдап отыр. Олардың пікірінше, жақында жаңбырлы маусым басталып, жұмыс мүлдем жүргізілмейді. Ал бұл мәселе асфальт төсейтін материалдың жоқтығынан болып отыр.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Барлығы кешіктіріліп жатыр, ал бұл тұрғындарды әбігерге салып, олардың наразылығын, жүргізушілердің шағымы мен шаң, тозаңды тудырып отыр. Біздің қалада бірде-бір көше осылай жасалмайды. Ертең егер мәселе шешілмей, нақты шаралар қабылданбаса, басқа асфальт зауыттарымен келісімшарттар жасаймыз. Сіз үшін нақты жоспар осындай болуы тиіс. Егер мұның бәрі шешілмесе, шара қолданыңыз, мердігер ұйымды белгілеңіздер, жұмысты бастаңыз. Содан кейін осы мердігерлік ұйым бойынша шара қабылдаңыз.
Облыс орталығындағы тағы бір проблемалық нысандар – Береке шағын ауданындағы бірнеше тұрғын үй. 600 пәтерлі баспана коммуникация желілер тартылмағандықтан иесіз тұр. Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс барысын тексерді.
– Здесь канализацию должны проложить, потом связь. Кызылжар су будут ложить? – Да, Кызылжар су. – Когда они будут ложить? Уже занимаются?
Учаскідегі техникалық қадағалау сарапшысының айтуынша, барлық инженерлік желілер салынған. Су құбыры, тұрмыстық кәріз және арықтар дайын. Тек кәріз жүйесіне байланыс құралдары орнатылуы тиіс.
ВИКТОР ЕРОШЕНКО, техникалық қадағалау сарапшысы:
– Мердігерлер әкімдікпен екеуара мәселені шешкеннен кейін, жұмысты бастайды. Біз инженерлермен жұмыс жасаймыз, олар атқаратын жұмыс көлемін басшымен келіседі. Байланыс құралдары қажет. Ол 6 құдық пен құбыр салу мәселесі. Салынатын құбырдың ұзындығы 300 метрді құрайды.
Облыс әкімі нысандарды аралау барысында Уәлиханов көшесіндегі үйлерге де барды. Әкім екі жаңа ғимараттың құрылысымен танысып, мердігер ұйымға тиісті тапсырмаларды жүктеді.
Байболат Култанов