Есіл ауданына қарасты Чириковкадағы қырман басында күн сайын 400 тонна астық өңделеді. Күніне мұнда 1,5 мың тоннаға жуық өнім түсіріледі екен. Биыл астық әдеттегіден ылғалды. Оған себеп – күздің жауын-шашынды болуы. Сол бір себепке байланысты қазір жұмысшылар қарқынды жұмыс істеп жатыр. Олардың міндеті – өнімді кептіру және одан әрі элеваторға жіберу.
ЖАНДОС КАРМЕНОВ,”Агрофирма Есильская” ЖШС тоқ шаруашылығының меңгерушісі:
– Осы уақытқа дейін егін алқабынан 15 мың тоннадай астық түсті. Оның ішінде майлы дақылдар: рапс, зығыр, арпа және бидай бар. Осы күнделікті келіп жатқан дақыл жауын-шашынның әсерінен дымқыл болып келеді. Оны тазалап, арнайы құралмен кептіріп, элеваторға жібереміз. Егін науқаны басталғалы – осы жұмыс. Бұл кептіргіш құралды жыл сайын қолданамыз.