Қоғам

“Қазпоштаға” 30 жыл толды

9 қазан – Дүниежүзілік пошта күні! Осыған орай қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шара қатысушылары мен қонақтарын өнерпаздар қарсы алды.

Биыл “Қазпоштаға” 30 жыл толып отыр. Мұндағы мамандардың жұмысы жеңіл деп айта алмаймыз. Сала өкілдері халыққа 250-ден астам қызмет түрін көрсетеді. Қызметкерлердің қажырлы еңбегін облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов атап өтті.

РҮСТЕМ ҚҰРМАНОВ, СҚО әкімінің орынбасары:

– Қазір облыста 148 бөлімше жұмыс істейді. 1000 астам қызметкер еңбек етеді. Пошта жүйесіне жүктелген міндеттер өз деңгейінде атқарылуда. Бұл – сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында.

Бұл күнді марапатсыз елестету мүмкін емес. Мерекеде бірқатар маман сахнаға шығып, қошеметке бөленді.

Светлана Тулинова – өмірінің 23 жылын пошта саласына арнаған жан. Азаматшаның сөзінше, бұл саланы таңдаған адам жан-жақты әрі қиындыққа шыдамды болу тиіс.

СВЕТЛАНА ТУЛИНОВА, ауылдық байланыс бөлімшесінің басшысы, Мамлют ауданы:

– Мен 2000 жылы жұмысқа қабылдандым. Түрлі марапатым бар. Зейнетке шықтым, бірақ жұмысымды жалғастырып жатырмын. Бастапқы кезеңде барлық істі қолмен тындырдық. Ауыр болды. Уақыт өте көп дүние өзгерді. Қазір өткен мен бүгінді салыстыруға келмейді. Пошта саласы дами берсін! Мереке құтты болсын!

Кәсіби мерекеде сала өкілдері жан-жақтан құттықтау қабылдады. Шара соңында пошташылардың құрметіне жергілікті әнші-бишілер өнер көрсетті.

 

Байболат Култанов