Қоғам

Өңірде тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді

Көкшетаудан келген ғылыми топ екі апта бойы өңіріміздегі түрлі ұлт өкілдерінің бір-бірімен қарым-қатынасы туралы социологиялық зерттеу жүргізіпті. Нәтижесінде азаматтарымыздың басым көпшілігі
өздерін ұлтқа бөлмей, біртұтас халықтың өкілі ретінде санайтындығын айтқан. Сауалнама қорытындысы қалада өткен конференцияда айтылды. Жиынды өткізудегі мақсат – этносаралық қатынастармен айналысатын мемлекеттік органдарға практикалық ұсыныстар беру. Келесі жылы ғылыми жұмыстардың нәтижелері монография болып жарияланады.

АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ғылыми іс жөніндегі проректоры:

– Биыл мамыр айында біз Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік сауалнама өткізгенбіз. Сонда ұлтаралық қатынастарға байланысты сұрақтарды респондеттерге қойған болатынбыз. Бүгінгі конференцияда сол сауалнаманың нәтижесін көрсетеміз. Бұл сауалнамада солтүстікқазақстандық азаматтың өзін қалай сезінетінін қазақпын ба, орыспын ба, мұсылманмын ба, христианмын ба деген сұрақтарға жауап берген болатын.