Теміржол вокзалындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, халықпен тілдесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Біз бүгін Петропавл станциясындағы желілік полиция бөліміне келіп, патрульдік полицияның кейпіне ендік. Қатарға тұрып, сап түзедік.
Жұмыс адам аяғы да, құқықбұзушылық та сиремейтін теміржол вокзалында болды. Алдымен бұл жердегі тәртіптің қалай бақыланатынына куә болдық. Баян Рыскелдинов барлығын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
БАЯН РЫСКЕЛДИНОВ, Петропавл станциясындағы ЖПБ патрульдік полиция тобының полицейі:
– Іштегі мән-жаймен танысқаннан кейін сыртқа көштік. Жүргелі тұрған Қарағанды-Самара пойызының ішіне кіріп, халықпен тілдестік. Бізге таңсық көрінген іс тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысы екен. Ұзын пойыздың ішіндегі жолаушылар да қызметкерлердің жұмысына дән риза.
Бұл жерде жиі орын алатын жайт – пойыз өтетін шойын жолды белгіленбеген жерден кесіп өту. Биыл жыл басынан бері 900-ден аса адам осындай бұзушылық жасаған. Дәл сондай жайт көз алдымызда тіркелді. Жасы егде тартқан ер азамат ережені білмесе керек, темір жолды кесіп өте шықты.
Ер адам мұндай ережені алғаш рет бұзғандықтан оған тек ескерту айтылды. Екінші рет қайталанса азаматтың мойнына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
СЕРІКБАЙ ОМАРОВ, Петропавл қаласы әуежайындағы ЖПБ бастығы:
– Жыл басынан бері әкімшілік полиция жүйесі бойынша шамамен 1200 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның 188-і -қоғамдағы ұсақ тәртіп бұзушылық. Ал ӘҚБтК 204-ші бабына сәйкес рұқсат етілмеген жерде сауда-саттықпен айналысу фактісі бойынша бірде-бір факті тіркелген жоқ. Бұл – полиция қызметкерлерінің вокзал аумағында алдын алу шараларын жиі өткізгендігінің нәтижесі.
Жұмыс соңында теміржол вокзалындағы адамдарға жаднамалар таратылды.