Өңір басшысы алдымен «Қарасай» стадионында болды. Мұнда өткен жылдың қазан айында ойын алаңының жабынын ауыстыру, оған жылыту қондырғыларын, автоматтандырылған суару жүйесін қою, матч-жарықтандыру, дизельді электр станциясын орнату жұмысы басталды. Осы мақсатқа 1,282 млрд теңге бөлінген. Жоба биыл қыркүйек айында аяқталды. Алайда, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелеховтың айтуынша, стадионды қалыпқа келтіру үшін жөндеу жұмысын жалғастыру қажет.
СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
– Стадионды қалыпқа келтірудің екінші кезеңіне трибунаны, ондағы орындықтарды ауыстыру, күнқағар орнату кіреді. УЕФА шарттарына сәйкес, орындықтардың 30%-дан астамы күнқағармен жабылуы керек. Сондай-ақ, жүгіру жолының тартан жабындысын ауыстыру қажет.
Сондай-ақ, Ғауез Нұрмұхамбетов “Жастар” стадионына барды. Ғимараттың қасбеті күрделі жөндеуден өткізіліп, алаңның жасанды жабыны 117 млн теңгеге ауыстырылды. Қазіргі уақытта мұнда “QYZYLJAR” ФК жаттығулары мен матчтары өтуде. Сондай-ақ, облыс әкімі Универсал және Кошевой көшелерін жалғайтын жаңа жол өтпесінің құрылысын да көрді. Ол көліктің қаладан автожолға, кейін сол жерден «Петропавл – Астана» тас жолына шығуына мүмкіндік береді. Құрылысттың жалпы сомасы – 5,358 млрд теңге.
РҮСТЕМ ТҰРЖАНОВ, “БУКА” ЖШС директоры:
– Осы уақытқа дейін біз бірінші тіректің барлық бұрғылау қадаларын орнаттық. Барлығы – 10 дана қойылды.
«Южный» шағын ауданында инфрақұрылым құрылысы жалғасқан. Бұл жерде бүгінгі таңда электрмен жабдықтау желілері орнатылуда. Мердігер – “Электромонтаж” АҚ. Жұмысқа 2,6 млрд теңге бөлінген. Жоспар бойынша бұл шаруа биыл аяқталуы тиіс.
– Бүгінгі таңда 0,4 к вольт 1600 тіректің 1100-і орнатылды. Осы жылға 1,5 млрд теңге бөлінді, оның 1,3 млрд теңгесі игерілді.
«Солнечный-2» шағын ауданын электрмен жабдықтау жобасы аяқталуға жақын. Бұл мақсатқа 5,9 млрд теңге бөлінген. Әкім жауапты ведомстволарға құрылыс барысын бақылауды тапсырды.