Экология

Бас прокуратурада орманды қорғау мәселелері қаралды

Бас прокуратураның алқа отырысында орманды қорғау мәселелері қаралды. Елдегі жердің 4,7 пайызы ғана орман алқаптарымен қамтылған. 5 жыл ішінде жалпы ауданы 610 мың гектар орманда 3 мың өрт болған. Салдарынан 30 млрд теңгенің шығыны келген. Елде жыл сайын 600-ден астам ормн өртім тіркеледі екен. Сондай-ақ, отырыс барысында Абай және Қостанай облыстарында болған ірі өрттерді тексеру барысында прокурорлар анықтаған бірқатар проблема айтылды. Олар: техниканың тозуы, орманшылардың өртті жедел сөндіруге дайындығының болмауы. Осыған байланысты Бас прокуратура Үкіметке ұсыныс енгізді. Жиында жергілікті прокурорларға ведомстволардың жұмысын үйлестіру және осы санаттағы қылмыстық істер бойынша сапалы қадағалауды қамтамасыз ету тапсырылды. Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті органдар үшін бірқатар ұсыныс әзірленді. Атап айтқанда, техника сатып алу үшін қаражат іздеу, орманшылардың еңбекақысын арттыру және әлеуметтік қорғау мәселелерін пысықтау ұсынылды. Анықталған кемшіліктерді түзеу үшін 2024-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.

 

Гульден Симбаева