Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов елдегі қоқысты өңдеудің ескірген әдісіне алаңдаушылық білдірді

“Қалдықтардың жиналуы және табиғи полигондардың пайда болуы өткір экологиялық проблемалардың біріне айналды. Жағдайды жақсарту үшін әлемнің көптеген озық елдері қоқысты жою мен  қайта өңдеуден өткізуге ден қоюда. Тиісті инфрақұрылым құрылды және халықтың қалдықтармен жұмыс істеу мәдениеті қалыптастырылды. Бұл Еуропаға қоқысты жоюдың 50% – на қол жеткізуге мүмкіндік берді. Көшбасшы-Швеция, онда 99% жойылады. Алайда, біз әлі күнге дейін қоқысты жоюдың ескірген әдісі,  сақтау және көмуді қолданамыз”, – деді Смайылов Үкімет отырысында.

Премьер-министр сонымен қатар қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесінің және қалдықтар полигондарына қойылатын икемді нормалар мен талаптардың қажеттілігін атап өтті.