Құқық қорғау органдары

Синтетикалық есірткінің аса ірі партиясы әшкере болды

Қылмыстың өтеуі – жаза! Тамыз айында солтүстікқазақстандық полицейлер астаналық әріптестерімен бірлесіп, Петропавл қаласына кіреберістегі «Оңтүстік» бақылау пунктінде «Toyota Alphard» автокөлігін тоқтатқан. Ішінде отырған 52 жастағы жолаушыдан 3 полимерлік түйіншек және бөлшектеп өлшеуге арналған құрал-жабдықтар, дәлірек айтқанда грамдық таразы мен буып-түю материалы тәркіленіпті.
Сараптама нәтижесі алынған заттың аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі екенін көрсеткен. Салмағы – 624 грамм. Бұл партия 2 мыңға жуық адамды нашақорлыққа тартуға жеткілікті көрінеді. Күдікті есірткі таратумен айналысатын интернет-дүкендердің бірінде бөлшектеп-өлшеуші болып жұмыс істеген. Пысықай 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

 

Байболат Култанов