МТРА жаңалықтарыТЖ

Құтқарушылар жарысы: кім жылдам?

Петропавлда құтқарушылар жылдамдыққа жарысты. Сайыс қаладағы ең биік нысан болып саналатын 18 қабатты үйде өтті. Жас өркен ықшам ауданында бас қосқан білікті мамандар бүкіл экипировкасын киіп алып, жүгіріп төбеге шығу керек.
Арнайы киімнің салмағы 20 келі тартады, бағындыратын баспалдақ саны – 360. Осымен 18 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің жалпы дайындық сапасы бағаланады.