Облыс орталығына “Шахмат керуені” келді. Арқаның кербез сұлу Көкшетауынан басталған шара аққайындар өлкесінде жалғасын тапты. Бұл өршіл жобаға Ұлы Жібек жолы түрткі болған. Мақсат – шахмат ойынының қолданыс аясын кеңейту.
АЛЕКСАНДР БАБЕНКО, ҚР шахмат федерациясының вице-президенті:
– Бүгінде шахмат ойыны дамудың даңғыл жолына шықты. Бұған әрине жылдар кетіп жатыр. Соңғы жылдары елімізде шахматтан 3 әлем біріншілігі өтті. Бізде мықты спортшылар жетерлік. Әлі де талайы болады. Біз үшін аймақтарды дамыту маңызды. Ол үшін өз күшімізді салуға дайынбыз. Облыстарда өткізілуі тиіс шаралар баршылық.
Керуен еліміздің барлық облыстарына табан тіремек. Шара барысында өңірлерде федерация ашылмақ. Облыста оған аймақ басшысының орынбасары Рүстем Құрманов жетекшілік етпек.
РҮСТЕМ ҚҰРМАНОВ, СҚО әкімінің орынбасары:
– Шахмат спорты біздің өңірде аса танымал. Онымен 5 мыңға жуық адам айналысады. 3,5 мыңы – ауыл тұрғындары. Ашылып жатқан федерация негізінде біз елде болатын барлық оқу-жаттығу жиындарын, жарыстарды біле аламыз. Яғни, қатардан қалмауға мүмкіндік береді.
Керуен шахматтан жарыстар ұйымдастырады. Бүгінгі сайысқа сайдың тасындай іріктелген 20 спортшы қатысуда. Жеті рет өлшеп, бір рет кесетін жандардың саны іріктеуде 32 солтүстікқазақстандықтан тұрды. Салтанатты шарадан кейін қатысушылар арнайы киіз үйге кірді. Сөйтіп, ойын басталды. Ерасыл Жақсыбаев – сайыстың ең жас ойыншысы. Жасы небәрі 11-де. Соған қарамастан оның ауыз толтырып айтар жетістіктері бар.
ЕРАСЫЛ ЖАҚСЫБАЕВ, сайысқа қатысушы:
– Шахмат ойынына 5 жастан бастап қызықтым. Басында әкеммен бірге ойнап жүрдім. Қазір шахматтан 2-ші разрядым бар.
48 Республикаға екі рет бардым. Үйде 30-ға тарта медаль мен 5 кубок тұр.
Мүсіндерінің жүрісі нық, ой-өрісі кең қатысушылардың тағы біреуі – Қайсар Айтжанов.
ҚАЙСАР АЙТЖАНОВ, сайысқа қатысушы:
– Бала кезімнен айнаймын. Жақсы көріп кеттім бұл ойынды. Себебі, үнемі ойлану керек.
50 Бұл ойын жаман әдеттерге қарама-қарсы тұрады. Сондықтан, жастар осы спортпен айналыса бастаса қоғамға жақсы әсер етеді.
Сайдың тасындай іріктелген қатысушылар арасынан оза шапқан жан 10-шы қараша күні гранд-финалға қатысады. Бәсі биік бәсеке Түркістан қаласында өтеді. Онда жеңімпаз атанған спортшы бас бәйгеге тігілген 5 млн теңгені қалтаға баспақ.
Алдияр Айтпаев