Қазақстанда осыдан 4 жыл бұрын жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры құрылды. Мұндай жәрдемді алушылар жыныстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жасөспірімдер, адам саудасына немесе азаптауға түскен жандар, сонымен қатар, заң бұзушылық салдарынан денсаулығына ауыр зиян келген тұлғалар. Оның ішінде адамның иммундық тапшылық вирусын жұқтырған, сондай-ақ, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда заңды өкілдер және тағы да басқа адамдар болып табылады. 2023 жылы қордан төлем алу үшін облыстық полиция департаментіне 58 жәбірленуші өтініш берген, оның 18-іне тиісті төлем төленді. Әзірге, қалғаны – 40. Қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде сотталған адамдардан төлемді өндіріп алу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мысалы, қылмыстық істерді қарау шеңберінде прокурорлардың 2 627 290 теңгеге 21 талап арызы қанағаттандырылған. Ал азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен 4 323 280 теңгеге 31 талап арыз қанағаттандырылыпты.
Байболат Култанов