Өнеркәсіп

«ЗИКСТО» зауытының заманауи үлгідегі алғашқы 50 вагоны жолаушы тасымалдауға жіберілді

Солтүстік Қазақстан облысында жасалған! Жергілікті «ЗИКСТО» зауытының заманауи үлгідегі алғашқы 50 вагоны жолаушы тасымалдауға жіберілді. Плацкарт және купе түрінде шығарылған өнім барлық талаптарға жауап береді. Оның ішінде душ, желдеткіш, мүгедек жандарға арналған бөлек орын, түтін дабылқаққышы мен биодәретхана және тағы басқалары бар. Жаңа вагондар Қарағанды-Жезқазған, Атырау-Маңғыстау, Атырау-Ақтөбе бағыттарында қатынамақ. Петропавлдағы өндіріс ошағы мен бейінді министрлік арасындағы әріптестік қарым-қатынас мұнымен тоқтамайды. Келесі жылы іргелі зауыт тапсырыс аясында алғашқы партиядан 3 есе көп вагон шығармақ.

ӘЛИ АЛТАЙ, ҚР Көлік министрлігінің комитет төрағасы:

– Осы қыркүйекте тағы 100 вагон сатып аламыз, ал келесі жылы жаңа вагондардың қатарын 157-ге апармақпыз. Тағы бір айта кететіні, отандық өнімге мән беріп отырмыз. 2025 жылы «Штадлер Қазақстан» швейцариялық компаниясы да өз өнімдерін шығара бастайды. Бес жылдың ішінде 537 вагон шығару жоспарланып отыр.

 

Байболат Култанов