МТРА жаңалықтары

Жұмысшы кентіндегі көпір қайта жабылады

Орташа жөндеуден өткен өткелден көліктердің өтуі қиындады. Құрылыстың қосылған бөліктерінде жарықтар пайда болып, үстіндегі асфальт бұзылуда. Оның неден шыдас бермей жатқандығы белгісіз. Естеріңізге сала кетейік, бұл объектіде “Магистраль СК” серіктестігі жұмыс істеді. Шаруаға 21 млн теңге бөлінді.

ЖАНЕЛЬ БАТАНОВА, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Қалалық ТҮКШ бөлімі көпірде техникалық тексеріс жүргізетін мердігерді анықтау үшін конкурс жариялайды. Компания не себепті мұндай жағдай орын алғандығын анықтайды. Одан кейін өткелді жөндеу шаралары бойынша шешім қабылданады. Ал пайда болған жарықтар мен бұзылған асфальтті 2 жылдық кепіл негізінде “Магистраль СК” серіктестігі бірнеше күн ішінде қалыпқа келтіреді.

 

Алдияр Айтпаев