Құқық қорғау органдары

Полиция қызметкерлері бейнежетондармен қамтылуда

– Можно документы Ваши посмотреть? Сзади кошелек у Вас, смотрю, еще один, женский. Вытащите, пожалуйста. Чей кошелек это? – Не знаю, нашел. – В машину пройдите…

Кім заң бұзды, заңбұзушылық қалай тіркелді, тәртіп сақшының әрекеті – барлығы полиция қызметкерінің кеудесіндегі бейнежетонға жазылады.
Солтүстікқазақстандық мамандар “Цифрлық полицей” жобасы аясында
осындай арнайы құрылғымен қамтылып жатыр. Бүгінде қызмет барысында 260 бейнетіркегіш қолданыста.

Мерген Байманов, СҚО ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының аға инженері:

– Жазба кезекшіліктің барлық уақытында жүргізіледі. Үздіксіз жұмыс істеуі үшін «Power bank» зарядтау құрылғыларын пайдаланады. Пайдаланатын құрылғылардың басты артықшылығы – онлайн-мониторинг жасау мүмкіндігі. Кезекшіліктегі қызметкердің «бейнежетонына» кез келген минутта жедел басқару орталығы мен бөліністердің басшылары, тіпті облыстық полиция департаментінің бастығы да қосыла алады.

Мамандардың айтуынша бейнежетон қолданудың даулы істің мән-жайын анықтауда маңызы зор әрі қандай да бір жемқорлықты болдырмауға ықпал етеді. Осы ретте қалалық және облыстық патрульдік полиция батальондарының барлығы жаңа құралмен толық қамтылған.

 

Гульден Симбаева