43 жастағы Қызылжар ауданының тұрғыны көлікжайында заңсыз қару сақтап келген. Оның зайға қайшы әрекеті полицейлерге хабарланыпты. Ақпарат расталды. Тексеру кезінде ауыл тұрғынына тиесілі нысан ішінен тіркелмеген «ИЖ-27Е» маркалы қосауыз табылған. Ер адамның айтуынша, ол мылтықты өзен жағасында жатқан қапшықтан тауып алған. Қызылжарлықтың үстінен материал жиналып, сотқа жіберілді. Қоса кетейік, өңірде қыркүйектің 5-і мен 9-ы аралығында арнайы профилактикалық іс-шара өтті. Нәтижесінде мамандар жерлестерімізден заңсыз сақталған 12 қару мен 100-ден астам оқ анықтаған. Сақтау қағидаларын бұзған 10 адамнан да қарулары тәркіленіпті. Ал 9 теріскейлік мылтықтарын ерікті түрде тапсырған.
Байболат Култанов