Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі жеке парақшасында Қазақстан мектептерінде хиджаб кию туралы айтты

Министр қазіргі уақытта мектептерде діни киім кию мәселелері өзекті болып отырғанын атап өтті.

“Қазақстан-зайырлы мемлекет, ол ҚР Конституциясына сәйкес діннен бөлек. Бұл ретте мемлекет діни сенім бостандығына кепілдік береді”, – деп жазды Аида Балаева.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік саясаттың барлық мәселелері діни нормалармен емес, азаматтық заңнамамен реттеледі. Нормативтік актілер мектеп формасын кию стандарттарын сақтауды талап етеді.

“ҚР Конституциясына қайта оралсақ, мектептің міндеті – ел азаматтарына сапалы білім беруге кепілдік беру және қамтамасыз ету. Жақсы білім алу арқылы менің ойымша, ересек өмірде қазақстандықтар дінді таңдауда және діни киімді таңдауда өз бетінше шешім қабылдайды”, – деп түйіндеді министр.