Денсаулық сақтау

Петропавлда IV-терапия клиникасы жұмыс істеуде

IV-терапия немесе инфузиялық терапия – соңғы уақытта түрлі дерттің алдын алу мен оны емдеуде жиі қолданылып келе жатқан әдіс.
Аталған тәсілдің тиімділігі сонау 70-ші жылдары дәлелденген.
Бүгінде әсіресе Европада осы процедураға деген сұраныс көп.
Ағзаны дәруменге байыту мүмкіндігін солтүстікқазақстандықтар да пайдалана алады. Биыл Петропавлда Clean Clinic инфузиялық терапия клиникасы жұмысын бастады.

ӘСИЯ СЕМБАЕВА, Clean Clinic инфузиялық терапия клиникасының директоры:

– Біздің клиникада емделушілер дәрігердің қабылдауынан бастап инфузиялық терапияға дейінгі тиісті шараны толық көлемде ала алады. Бізде қан қабылдау пункті бар, серіктестігіміз – «Олимп» орталығы. Сол себепті, пациенттер бұрын стационар деңгейінде ғана қолжетімді болған емдеу шараларын біздегі процедуралық кабинетте де қабылдай алады. Инфлюзиялық терапияның көмегімен емдеу 100 пайыз нәтиже береді.

Сонымен, IV-терапияның тиімділігі неде? Препарат тамыр арқылы беріледі, яғни бойға тез сіңеді, толыққанды нәтиже береді және ас қорыту жүйесіне зиян келтірмейді. Құрамдас бөліктері әр адамға жеке өзіне тән ерекшеліктеріне сай таңдалады. Негізі, мұндай терапия әдісін денсаулық пен жасты басқару құралы деп атайды екен. Дәруменге қаныққан тамызғы қабылдаудың нәтижесінде тері тазарады, ағза тез қалыпқа келеді әрі адам өзін сергек ұстайды.

АЙЫМГҮЛ ҚАНАШЕВА, жалпы тәжірибе дәрігері, дәрігер-реабилитолог:

– Күніне 6-7 адамнан келеді. Негізінен, көбі өзімді әлсіз сезініп жүрмін, жиі суық тиіп қала береді деген шағымен келеді. Осы ретте біз оларға иммунитетін нығайтып, бойын дәруменге байытуға көмектесеміз. Біз келген адамның шағымын тыңдап, себебін білген соң ғана тиісті тамызғы тағайындаймыз.

Қазір клиникада тамызғының 20-дан астам түрі бар екен.
Олар «Иммунитет», «Тазару», «Супермен» және тағы басқаша аталады.
Мұндағы дәрігерлер тұрғындарға есте сақтау қабілеті нашарлаған жағдайда, қан қысымы жоғары болған кезде де осындай емдеу тәсіліне жүгінуге кеңес береді. Клиникада ересектерді де, балаларды да қабылдайды.

АЙЫМГҮЛ ҚАНАШЕВА, жалпы тәжірибе дәрігері, дәрігер-реабилитолог:

– Пациент анализ нәтижелерімен келгеннен кейін, қаласа, оған инфузиялық терапия тағайындаймыз. Қаламаса, кәдімгі дәрі қабылдау түріндегі емдеу шарасын белгілейміз. Балаларын қаратқысы келсе, тиісті тіркеуден өтеді. Сосын келген баланы қарап, анасының жауабын алған соң сай келетін терапияны таңдап аламыз. Бір айта кететіні, балаларға инфузиялық терапия қолданылмайды.

Clean Clinic орталығына жазылу үшін 8-705-850-67-32 және 33-15-35 нөмірлері арқылы хабарласуға болады. Сондай-ақ, ұйым әлеуметтік желілерде де танымал. Орталықтың өзі Тоқсан би көшесі, 37 мекен жайы бойынша орналасқан. Жұмыс істеу уақыты таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін.