Білім

Биыл елде студенттерге арналған 32 жатақхана қолданысқа тапсырылады

Елде ЖОО жатақханаларында орын тапшылығы мәселесін шешу үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі әзірленді. Студенттер үйін кез келген жеке кәсіпкер немесе жоғары оқу орны өз қаражаты есебінен пайдалануға бере алады. Осыдан кейін әрбір жасқа мемлекеттік тапсырыс беріледі. Бұл механизм 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Үш жылдың ішінде университет студенттері үшін 26 мыңнан астам орындық 99 нысан пайдалануға берілді. Биыл қыз-жігіттерге арналған барлығы – 8 мың орындық 32 жатақхананы қолданысқа тапсыру жоспарлануда.

 

Алдияр Айтпаев