Солтүстік Қазақстан облысындағы инфляция көрсеткіші. Өткен жылмен салыстырғанда орташа өсім 13,9% құрады. Атап айтанда, азық-түлік – 13,5-ке, өзге өнімдер 14,1%-ға қымбаттаған. Ақылы қызметтердің бағасы 14,4% өсті. Инфляция көрсеткіші бойынша күріш көш бастап тұр. Бір жылда өнім бағасы 49,8% жоғарылаған. Тоқаш және ұннан дайындалған кондитерлік өнімдер де қымбаттапты. Қант пен балғын көкөніс керісінше 11,1 және 2,5% арзандаған. Азық-түлікпен қоса жуу құралдары қымбаттады – 22,8%-ға. Үй құрылысына қажет материалдар мен киім-кешектің бағасы 14-15 пайыз шамасында көтерілген. Бұл ретте фармацевтикалық өнімдер де қалыс қалатын емес. Бензиннің қымбаттауы 12 пайызға жақындады. Ал интернет қызметіне төленетін абоненттік ақы 20,9% өсіпті.
Алдияр Айтпаев