ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 5 жаңа министрді ұжымдарына таныстырды. Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына Аида Балаева тағайындалған болатын. Сауда және интеграция министрі креслосына Арман Шаққалиев отырды. Марат Қарабаев көлік министрі болып бекітілсе, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Светлана Жақыпова тағайындалды. Үкімет басшысы ведомствоның алдында зор міндеттер тұрғанын айтты. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты ұжымға таныстыру кезінде Премьер-Министр Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді дер кезінде жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Туризм саласында кем дегенде 15 ірі жоба іске асырылуы тиіс.
Гульден Симбаева