Қоғам

Қоғам белсенділері Жолдауды талқылады

Жергілікті қоғам белсенділері Жолдаудың экономика туралы тұсына тоқталып өтті. Айтуларынша, биылғы жолдауда ел экономикасын дамытуға баса назар аударылған. Президент күрделі мәселелерді шешудің нақты жолдарын нұсқады.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:

– Жолдауда экономикамыздың негізгі бағытын айтты. Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсіпке назар аударды.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Мемлекет басшысы ең төменгі жалақыны айтып өтті. Сондай-ақ, зейнеткерлердің зейнетақысы да көтерілмек. Биылға Жолдаудың негізгі өзегі – халықтың әл-ауқатын көтеру. Көп дүниелерді қозғап өтті.

 

Гульден Симбаева